Алматыда қыз жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп кетті. Оқиғаның видеосы Instagram желісінде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоға қарағанда төтенше жағдай "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы жерде болған. "Қыз "Алтын Орда" базары аумағында көпірден секіріп кетті, онымен қоса, оны көлік қағып кетті", - делінген zhest_kz парақшасында. Сондай-ақ, ІІД осы оқиғаға қатысты түсінік берді. Полиция мәліметінше, осы дерек бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қыз аман қалды, бірақ ауыр жарақаттар алған.
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.