Таяуда Алматының жүзден астам көшелерінің атауы қазақшаланады. Алматы қаласы әкімдігінің қалалық ономастикалық комиссиясы бекіткен көше атауларының ішінде Нұрлы Жол, Нұр Әлем, Хан Шатыр, Ер Төстік, Алтын Адам, Арыстанбаб сынды жаңа атаулар кездеседі деп хабарлайды sputnik.kz.
Сондай-ақ, кейбір көшелердің аттары соғыс батырларының аттарымен, мысалы Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Кенесары хан және Герольд Бельгер, Шыңғыс Айтматов сынды біртуар азаматтардың аттарына өзгертіледі деп күтілуде.