Қаңтардың 11-і мен 13-і аралығында Қазақстанда қар жауады, боран соғады, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметі
«Алдағы үш күнде биік циклонмен байланысты атмосфералық ауа ағымдары Қазақстанның аумағы арқылы өтеді. Сонымен байланысты Қазақстанның көптеген облыстарынлда қар жауады, солтүстіктегі, орталық және шығыс аймақтарында боран тұрады, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде көктайғақ болып, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында қар суырады деп күтілуде», - делінген синоптиктер хабарында.
Сонымен қатар, Скандинавия түбегінің солтүстігінен суық антициклон қалыптасып жатыр, ол бірте-бірте оңтүстік-шығыс бағытта өтетін болады және қазірдің өзінде 13 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.