Қазақстанның ұлттық қорынан Nursultan Nazarbayev әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеуге және жаңа терминалдың құрылысына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, делінген ҚР Президентінің 2017 жылдың 10 қарашасындағы №581 жарлығында, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«ҚР ұлттық қорынан 2017 жылдың республикалық бюджетіне 441 млрд 623 млн 946 мың теңге көлемінде мақсатты трансферт бөлінсін, оның ішінде Астана қаласындағы «Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайы» АҚ жарғылық капиталын ұшып-қону жолағын жөндеуге және жаңа терминалдың құрылысына жүргізу үшін арттыруға - 3 млрд 469 млн 905 мың теңге қарастырылсын», - деп көрсетілген құжатта.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қорынан 2017 жылдың республикалық бюджетіне түрлі мақсаттарға 441 млрд 623 млн 946 мың теңге бөлуге рұқсат етілді. Бұл қаржы білім нысандарының құрылысына, күрделі жөндеу жұмыстарына, жалға беру баспанасын арттыруға және өзге де мақсаттарға жұмсалады.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің әуе көлігі халықаралық қауымдастығымен (ИАТА) бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесінде ИАТА ресми сайтында Астана қаласы әуежайының жаңа атауы көрініс тапқан – Nursultan Nazarbayev.