Астана тұрғындарына мерекелік бесбармақ бағасы Т3993 шығады, деп көрсетілген оны дайындауға кететін азық-түлік бағаларының мониторингінде, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
Сондай-ақ, елордамен бірге ең қымбат өңірлер қатарында Қарағанды (Т3929) және Петропавл (Т3897) кірді. Жылқы етінің (кг Т2100) қымбаттығына қарамастан Алматы (осы көрсеткіш бойынша оған Петропавл тең келеді) басқа азық-түлік өнімдерінің арзандығының арқасында біздің рейтингте 4-ші орында (Т3768). Осы ұлттық асқа қажет ең қымбат қой еті – Астанада (Т1833/кг).
Қалған өңірлерде мерекелік астың бағасы Т3054 (Қостанай) Т3647 (Тараз) аралығында. Ақтөбеде бесбармақ Т3 мыңға арзан (Т2841), себебі ол жерде ет бағасы арзан, қой еті – Т1300, жылқы еті – Т1350/кг.
Ұн бағасы бойынша өңірлер арасында Атырау (Т130/0,5 кг), ең арзан жұмыртқа – Астанада (Т37/д), жуа – Шымкентте (Т45/0,3 кг), картоп – елордада (Т80/0,5 кг).
Есептеу үшін ұлттық астың жеңілдетілген мәзірі қолданылды, оның құрамына 2 кг ет (қой және жылқы еті), 0,5 кг ұн, 1 жұмыртқа, 0,3 кг жуа мен 0,5 кг картоп кіреді.