Алматыдағы базарлардың бірінде адам өліміне әкеліп соққан ЖКО орын алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Куәгерлердің айтуынша, ЖКО сағат 8.30-да Mizam базарына қарама қарсы беттегі Солтүстік айналма жолында орын алған. Toyota Soarer жүргізушісі солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Алдын-ала болжам бойынша жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, тұрақта тұрған «ГАЗель» бортты көлігіне соққан, ол қозғалып кетіп, жарық бағанасына соққан. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылған. ЖКО салдарынан шетел көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, жолаушысы ауруханға жеткізілді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Toyota көлігінің жүргізушісінің денесін алып шығу үшін көлікті арнайы құралдармен кесуге тура келді. Хабарда айтылғандай, «ГАЗель» жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекпеген.