Қаз   Рус

Жезқазғандықтар тот басқан су ішіп отыр

368 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Среда, 06 Дек 2017, 13:15

Екі айдан бері тұрғындар тиісті мекемелерге мәселені жеткізген, алайда проблема әлі шешімін таппады

Жезқазған қаласындағы 92 шағынаудан тұрғындары қазан айынан бері таттанған су ішіп отыр. Краннан аққан  судан сасық иіс шығып қолқаны да жарады кен. Амал жоқ, 150-ге жуық аудан халқы суды пайдаланып отыр.

«Міне қараңыз, мына судан сасық иіс мүңкіп тұр. Біз тәжірибе жасайтын көжекке айналдық. Қараңыздар қандай су кететінін. Мен бүгін осы судан уланып қалдым. Мынау масқара ғой енді»,- дейді қала тұрғыны Бибалима САМҰРАТОВА.

Екі айдан бері тұрғындар тиісті мекемелерге мәселені жеткізген. Алайда одан су тазара қоймапты. Есесіне тұрғындар арасында тері ауруына шалдыққандар бар.

«Менің қолым жарылып, жара шықты. Басқа да адамдар тері ауруына шалдығып жатыр. Бұл сөзімді растайтындар бар. Мұның екі себебі бар: салған құбырлары санитарлық талапқа сай емес немесе ескі құбырларды қоя салған», - дейді тағы бір қала тұрғыны Жансап ҚАСЕНОВ.

Жергілікті билік өкілдері де бұл жағдайдан хабардар. Қыстың арқаға ерте келуінен осындай проблемаға тап болғандарын айтады.

«Судың сары болуы құбырлардың жуылмауынан. Құбырдың ішіне ыста кетіп қалған. Бізде үш жылу жүйесі бар. Оның барлығы 15-не дейін істелетін шаруа еді. Күн суытып кеткесін, алтыншы қазанда жылу беріп жібердік. Сондықтан жуылмаған құбырлардан осындай таттанған су ағып тұр», - дейді Жезқазған қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы  бөлімінің басшысы Қуаншыбек САНСЫЗБАЕВ.

Қыстың күні қара суды қамсыз іше алмадық деген жезқазғандықтар бұндай жауапсыздық жазасыз қалмаса екен дейді. Ал жергілікті басшылық бір аптаның ішінде мәселені шешетіндіктерін айтты.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.