Қаз   Рус

Қызметі өзгерсе де, дипломатиялық шені сақталды

171 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 27 Ноя 2017, 10:00

Ермұхамет Ертісбаев жылы Грузиядан неге Батьконың қасына аттанды

Өткен аптада болған кадрлық тағайындаулар елші Ермұхамет ЕРТІСБАЕВТІҢ қызмет ауыстыруымен есте қалды. Оның қызметі өзгерсе де, дипломатиялық шені сақталды. Ал Ақмола облысының әкімі Мәлік МЫРЗАЛИН ауыс-түйістің «рекордын» жасады. Бір аптаның ішінде ол төрт бірдей аудан әкімін ауыстырып тастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Грузиядағы елшісі болған Ермұxамет Ертісбаевты басқа қызметке ауыстыру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы жұмыс аптаның соңында шықты. Енді, Ермұxамет Қабиденұлы Қазақстанның Беларусь республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқаратын болады. Себебі бұрынғы елші Ерғали БӨЛЕГЕНОВ зейнет жасқа келіп, жұмыстан босатылды. Аталған қызметте ол ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызмет де қоса атқарған. Ертісбаев та екі жұмысты алып жүретін болады. Әрине, оған Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мәселелерді реттеу жұмысына да атсалысуға тура келеді. Осылайша, Қара теңіздің жағасында төрт жыл бойы жұмыс істеген Ермұxамет Қабиденұлына тағы үлкен жауапкершілік артылып отыр.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының экс-басшысы Әбілғазы ҚҰСАЙНОВ та аталған қызметте төрт жыл бойы жұмыс істеді. Алайда ол жұмыстан өз еркімен кетті. Өткен аптада ұйым басшылығына Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ сайланды. Жаңа басшының тәжірибесі мол екенін ерекше атап өткен жөн. Еңбек жолын заңгер кеңесші қызметінен бастаған Бақытжан Жарылқасынұлы ҚР Жоғарғы сотының судьясына дейін жеткен. Судьялар одағын басқарды. Сенат аппаратына жетекшілік етті. Төрт жылдай білім саласында еңбек етті. Алдымен Ақмола теxнологиялық бизнес университетін, одан кейін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін басқарды. Депутаттыққа дейін қорғаныс және әділет министрлерінің орынбасары болып жұмыс істеді. Бұндай басшының жұмысшыларды жақсы түсінетініне күмән жоқ. Сондықтан оның ҚР Кәсіподақтар федерациясындағы жұмысына үлкен сенім артылып отыр.

Өткен аптада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫНЫҢ бұйрығымен Қуат БОРАШ Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1994-2005 жылдары ол «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабар тарату компаниясында, «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясында, «Райхан-ТВ» телекомпаниясында, «Тараз-ТВ» телеарнасында, «Жамбыл облыстық телерадио компаниясы» ЖАҚ-та, сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде еңбек етті. 2005-2006 жылдары «ҚР Президенті ТРК» КЕАҚ бөлім меңгерушісі болған, ҚР Президентінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 2007-2012 жылдары ҚР Президент әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімшесінің бас сарапшысы, ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған. 2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды. Ал 2013 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік хатшысына қарасты хатшылық меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарды.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ те бір комитеттің басшысын ауыстырды. Оның бұйрығымен Нұрбек Әбубекұлы ОРШЫБЕКОВ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Өзбекстанның Шыршық қаласында дүниеге келген Н.Оршыбеков физика-математика ғылымдарының кандидатына дейін өз білімін шыңдаған.Одан кейін түрлі коммерциялық ұйымдарда қызмет етті. Ал 2004 жылдан бастап жеті жыл бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді. Сол жерде оқытушы қызметінен бастап, кафедра доцентіне дейін жеткен. Одан кейін Алматы және Астана бойынша білім беру саласындағы Бақылау департаментінің директоры қызметін атқарды. Былтырдан бері ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болған.

Ал ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болған Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағалығына сайланды. Айта кеткен жөн, аталған компанияның негізгі міндеті - ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту. Ол үшін арнайы жоспар да әзірленген. Соған сәйкес, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Қазақстанға келетін инвесторға жобаны дайындаудан бастап іске асыруға дейінгі барлық шараларға көмектесуі тиіс. Осының арқасында отандық экономикаға құйылатын шетел капиталын барынша арттыру жоспарланған. Сапарбек Тұяқбаевтың қазақ пен орыс тілдерінен бөлек ағылшынша, түрікше және французша сөйлейтінін ескерсек, жаңа қызметте біраз жетістіктерге жетеді деген сенім мол.

Аймақтарда да бірқатар ауыс-түйістер болды. Әсіресе, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің тағайындаулары көп болды. Аймақ басшысы бір аптаның ішінде төрт бірдей аудан әкімін ауыстырды. Атап айтқанда, Атбасар ауданына -Аманбек Қалжанов, Есіл ауданына - Талғат Ерсейітов, Жарқайың ауданына -  Мұрат Балпан, ал Астрахан ауданының әкімі қызметіне Нұрлан Сейілов тағайындалды.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы ТОҒЖАНОВ болса, Ақтау қаласының басшысын ауыстырды. Аталған қызметке Ғалымжан НИЯЗОВ келді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)