Қаз   Рус

Құман Тастанбеков : «Әртіс» деген атымыз болмаса

1005 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Воскресенье, 24 Дек 2017, 14:00

Біз асылды көзі тірісінде бағаламай, өмірден өткен соң, талантына тағзым ететін халықпыз

Қазақ елі қапыда Төлегенінен айырылып, қайғы жұтып ақтық сапарға шығарып салды. Біз асылды көзі тірісінде бағаламай, өмірден өткен соң барып, талантына тағзым ететін халықпыз ғой. Соңғы он жылда басты рөлін Құман ТАСТАНБЕКОВ сомдаған деп, қай теле туындыны айта аламыз?! Адамнан арман арылған ба, бәлкім атақты актердің іште кеткен тілегі де аз емес болар. Осы орайда, марқұмның баспасөз беттеріне шыққан жүрекжарды әңгімелерін ақтардық. Уақыты озса да, айтары тозбаған мына сұхбатта тау тұлғаның алашқа айтқан даты төмендегідей болды.

Оқи отырыңыз
Шұлықсыз жүрген Қоянбаевтың киносына Астана әкімі келді

Құман мырза, Меруерт апайым екеуіңіз өмірдегі Қыз Жібек пен Төлеген болудан шаршаған жоқсыздар ма?

Экрандағы кейіпкерлеріміздің адал сезімін отбасылық өмірде де ту етіп жүрген жәйіміз бар, оған несіне шаршайық. Ал жауапкершіліктің жүгі – бөлек әңгіме...

Иә-иә, жұрт алдындағы символикалық сенімді өмір бойы арқалап жүру оңай дейсіз бе?!

Меруерт екеуміздің таныстығымызға «Қыз Жібек» фильмі себепкер болды ғой. Шаңырақ көтергенімізге де қырық екі жыл толыпты. Өнер мен отбасының жүгін бірге арқалап жүріп, осынша уақытты өткергенімізді аңғармаппыз. «Қыз Жібектен» кейін де көптеген фильмдерде бірге ойнадық. Абдолла Қарсақбаевтың «Біздің Ғани» фильміне түстік. Онда мен Ғани Мұратбаевты сомдасам, Меруерт оның жары Раушанның рөлінде ойнады. Осылайша экрандағы символика өмірден жалғасын тауып жатыр...

Төлегеннен кейін кинодан тұщымды ұсыныс болмады ма, жоқ әлде барлық кейіпкерлеріңіз Төлегеннің тасасында қалып қойды ма?

– Неге?! Мәселен, «Еңлік-Кебек» фильмінде Кебекті сомдадым. Сол сияқты қырғыздың «Махаббат жаңғырығы» атты тамаша туындысында марқұм Талғат пен Венера Нығматуллиндер бар барлығымыз бірге ойнадық. Мәскеуде де біраз фильмге түстім. Өкінішке қарай, телеарналар қоржында жатқан сол киноларды бүгінгі көрерменге ұсынбай отыр. Бірақ көпшілік басқа киноларыңызды көрсек те, жадымызда Төлеген болып жатталып қалдыңыз дейді. Сіздің сауалыңыз да сол себептен туған сияқты. Жастар жағы көшеде көріп қалса: «Төлеген аға!» деп, қолтаңба сұрап жатады. Соған қарағанда, актердің бағын ашып, төлқұжаты есебінде сақталатын бір рөлі болатын көрінеді.

Оқи отырыңыз
«Өнер адамы қарны тоқ кезде ғана жақсы шығарма тудыра алады»

Сіз үшін театрдағы әртістіктен гөрі, кинодағы актерлік ұтымды болған сияқты: тарихтың доңғалағы кері айналардай құдірет болса, осы екеуінің қайсысын таңдап алар едіңіз?

Мен өнердегі жолымды кинодан бастадым. Бірақ жаныма жақыны – театр. Консерваторияның үшінші курсында оқып жүргенде, Мұхтар Әуезов атындағы драма театрға қызметке орналастым. Ол кезде мені жұмысқа қабылдаған режиссер Әзірбайжан Мәмбетов еді. Содан бері Әкемтеатрдың сахнасында өнер көрсетіп келемін. Ақан сері мен Шоқан Уәлихановтан бастап, талай тұлғалардың образына ендім. Режиссер Есмұхан Обаевтың қоюымен соңғы шыққан «Жүрейік жүрек ауыртпай» спектаклінде жетпістегі қартты ойнап жүрмін. Жуырда тұсауы кесілетін бір қойылымда тағы бір қарияның рөлі тапсырылды. Сондықтан кинодан гөрі театрдағы кейіпкерлерім көбірек. Күнде – репетиция.

Ал киноға түсуге аракідік шақырып тұрады. Бірақ олары – кішігірім рөлдер. Егер өзімнің деңгейімде алып шығатын жақсы рөлдер болса, кинодан әлі де бас тартпаған болар едім.

Қазіргі күні қазақ киносы аз түсіріліп жатқан жоқ, бірақ республика экрандарында айлап жүретін картиналардың жоқтығын мойындайсыз ба?

Мойындаймын. Мұның бәрі коммерцияға келіп тіреледі. Ал коммерция дегеніміз – капитализмнің ұлттық өнерге өгейлеу нұсқасы. Кезінде біз түскен талай фильмдердің көрерменге жетпей, сөреде шаң басып жатқаны да содан. Сондай мұрағат дүниелерді көрсететін арнайы телеканал ашылады деген әңгіме шығып еді, бірақ әлі сөз күйінде қалуда. Сол коммерцияның салдарынан тележәшікті түрік пен кәрістің сериалдары жаулап алды. Кинотеатр атаулы жекешелендіру кезінде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Мемлекет оларды қайтарып алмайынша, төл өнердің жағдайы оңалмайды. Олардың қожайындары кассасын толтыру мақсатында кез келген елдің киносын көрсетеді. Ұлттық мәдениетпен санасып отырған ешқайсысын көрмедім.

«Қыз Жібек» дәл сол актерлердің қатысуымен түсіріліп, экранға бүгін шықса, қандай кассалық түсім боларын көз алдыңызға елестете аласыз ба?

Бүгінгі жастар батыстық кинолардан шаршаса керек, қазір қазақ киносын көруге құмартып келеді. Өз басым голливудтық фильмдерді маман ретінде жаман дей алмаймын. Мәселе – олардың бізге не берерінде. Ал біздің жастарға басқа емес, ұлттық дүние қажет. Сондықтан «Қыз Жібекті» қайта түсірмей ақ, бұрынғы қалпында ұсынса да, көрермен аз жиналмас еді. Оның ішінде қазақтың тарихынан бастап, салт-дәстүр, мәдениеті дейсіз бе – барлығы көрініс табады. Содан болар, «Қыз Жібек» өз уақытында жастарға шабыт сыйлады. Біреулер Жібек сияқты сұлу актриса, тағы біреулер Шеге сияқты ақын, біреулер – Төлеген мен Бекежан сияқты батыр, енді біреулер – сондай тұлғаларды сомдайтын әртіс болуға ұмтылды. Фильмнің күні бүгінге дейін құнын жоймай, қазақ киносының көш басында келе жатқанына осы құндылықтар негіз болса керек-ті. Жамбыл облысының Байзақ, Қызылорданың Арал аудандарында Қыз Жібек пен Төлегеннің кейіпкерлеріне арналып мүсін орнатылды. Енді Ақтөбеде ашылады деп отыр. Халықтың жүрегіне жақын дүние қашанда құрметке лайық болады деп ойлаймын.

Оқи отырыңыз
Құман Тастанбеков дүниеден озды

Ал өнердің алтын қазығы – ауылдың жағдайы, қазақтың ұлттық рухтан ажырау қасіреті «өз күндерін өздері көріп» жатқан халықтың бойкүйездік кесірінен ғана деп ойлайсыз ба?

Кезінде «Ауыл жылы» деген арнайы жоба қолға алынды ғой. Мәдениет үйлерін салып, кітапханаларды жаңарту мақсатында арнайы қаржы да бөлінді. Бірақ солардың жемісі қайда? Тіпті өзімнің туған жерім – Талдықорғанның Сарқант, Алакөл, Үйгентас сияқты толып жатқан елді мекендеріндегі мәдениет үйлері қирап жатыр. Жастар баратын жер болмағандықтан, еріксіз қаңғырып көшеде жүр. Көбісі ішіп кеткен. Кезінде Серік Үмбетов әкім болып тұрған шақта, алдына талай барып, ауылдардағы клубтарды жөндеп беруін өтіндім. Барып кездесулер өткізсек деп едім, халық өнердің бетін көрмей, өнерге сусап жүр ғой. «Жарайды, жоспарға енгіземіз»,– деді. Бірақ нәтижесі нөл болды. Тек Ақтөбе, Қызылорда, Орал өңірлеріндегі мәдениет орталықтары жанданып келеді. Ал қалған облыстың әкімдері не қарап отырғанын білмеймін. Семейдің Аякөз, Шұбартау сияқты кезінде дүркіреп тұрған аудандары ел тұрмаған, халық жайламаған сияқты жабыраңқы тұр. Жолдары да жөндеу көрмеген ойдым-ойдым. Осыдан кейін ауылдың ахуалы өздігінен белгілі болмай ма?

Пайғамбар жасқа да ілінген екенсіз. Бүгінгі жастар: «Ауызы дуалы ақсақалды аңсаймыз» десе, қарияларымыз, керісінше, «Батаға тәнті ұрпаққа зәру болып барамыз» дегенді жиі айтатын болды. Бұл екі айырманың арасында қандай кілтипан жатыр дейсіз?

Бұрынғының жастары үлкен кісінің алдынан кесе-көлденең өтпейтін. Көрген жерінде құрақ ұшып амандасатын. Мұғалім дегенді құдайындай сыйлайтын еді. Ал қазіргілер ұстаз атаулының алдында шімірікпестен шылым шегіп тұра береді. Не ұлы, не қызы именбейді. «Ақыр заман белгісі: ұл сыйламас атасын, арамсідік болған соң, атасы бермес батасын» деуші еді. Сол заман тап келді ме деймін. Мына жоғары оқу орындарының қаржы бөлімінде оқитындар сабаққа да бармайтын көрінеді. Ақысын төлеп қойған соң, оларды оқудан шығаруға да болмайды екен. Бізде білім беру жүйесі де дұрыс қалыптаспаған. Әр саланың басында өз жұмысына салғырт қарайтын бюрократтар отыр.

Дәрігер атаулы науқастың қалын сұрағаннан бұрын, алдымен қағазын толтырып әлек болады. Тазаланбағанына қанша күн болған Алматыдағы қардың қалыңдығына қарап, біздегі атқарылуға тиіс дүниелердің шаш етектен екенін аңғаруға болады...

Бүгінде жастар шенеунік болуға ұмтылады. Өйткені қомақты жалақымен қоса, көлденең жатқан бірдеңені қымқырып қалсақ дейді. Халықтың сыбағасын жегендер қоғамда осындай оғаш түсінік қалыптастырды. Мемлекеттік қызмет орындарын сондай «ұрлықшылардан» тазарту керек. Бұған ру мен жүзге бөліну сияқты жікшілдік те себеп болып отыр. Бәріміз – бір қазақпыз. Айналасына өз туысқандарын жинап алу дегенді тамырымен жою қажет.

«DAT» газеті, №46(174), 13.12.2012 ж.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.