Қаз   Рус

Құл-Мұхаммедтің миллиондары

1816 қаралды
1
МАРАТ АСИПОВ
Среда, 08 Ноя 2017, 15:30

«Нұр Отан» партиясына жақтас қанша блогер бар?

Ratel.kz сайтына қазақ тілді БАҚ-қа шолу жасалған материал шыға салысымен, маған «Нұр Отан» партиясынан хабарласты.

Материалдың «Мухтар Кул-Мухаммед ввел в заблуждение президента?» деген тақырыбы партия басшылығының мазасын кетіріпті.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕДТІҢ баспасөз хатшысы Артем ИСТОМИННЫҢ айтуынша, біздің сайтқа шыққан материалда «қате ақпарат» жарияланған. Сондай-ақ, Abai.kz сайтына шыққан  «Мұхтар Құл-Мұхаммед жалған ақпарат берді ме?»  деген  түпнұсқа мақала алынып тасталған екен.

Читайте также
Нұржұман Ықтымбаев: Бізде бүкіл ұлтты қорлайтын кинолар түсіріліп жатыр

Мен баспасөз хатшысы Истоминнан ресми хат жолдауларын сұрадым. Партия жазбаша өтінішін жібергенше, Abai.kz –тің редакторы Дәурен ҚУАТПЕН хабарластық. Д.Қуат партияның өтініші бойынша материалды сайттарынан алып тастағанын растады.

Бұл материалда астаналық заңгер Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ әлеуметтік желілерде билік партиясының аккаунтына жазылғандарды есептеген. Бұған дейін Мұхтар Құл-Мұхаммед өз мәлімдемесінде партияның ғаламторда алты миллиондық аудиториясы барын айтқан.  Алайда, заңгердің есебі партия басшысының сөзімен сәйкеспеген. Автор өз мақаласында  «Нұр Отан» төрағасының басшысы жалған ақпарат таратты деген қорытындыға келеді.  

Бізге жеткен бас партияның хатында олар алты миллион аудиторияны өздері серіктестік орнатқан блогерлердің арқасында қалыптастырғанын мәлімдейді.  

Хатқа қол қойған «Нұр Отанның» хатшысы Фархад ҚУАНҒАНОВ  М. Құл-Мұхаммедтің мәлімдемесі жарияланған  партияның Facebook-ғы парақшасына сүйене отырып, былай дейді:

 «Құрметті достар! 
Партия төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммедтің 3 қараша күні партияның кеңейтілген саяси кеңесінде жасаған мәлімдемесі  дұрыс аударылмай, айтқан сөзі басқаша реңк алғанын түсіндіргіміз келеді. 6 миллион адам партияның әлеуметтік желілердегі аккаунтына жазылушылар емес. Бұл біздің партиямен серіктес орнатқан блогерлердің жалпы жинақталған аудиториясы. Бұл мәселе алдағы күні тағы да көтерілмес үшін М. Құл-Мұхаммедтің сол жиында айтқан сөзін ұсынамыз.
«Жалпы, жазылушылары 6 миллионнан астам еліміздегі аса танымал блогерлер мен ынтымақтаса жұмыс істеудің нәтижесінде партияның Facebook-тегі жақтастарының саны – 5,8 есе, Instagram-да – 3,1 есе, ал Twitter-де 1,6 есеге дейін артты».

Читайте также
Қазақша сөйлетудің «рузалық» тәсілі

Біз де  Abai.kz-тен аударып басқан мақаланы  сайтымыздан алып тастадық. Өйткені, әріптестеріміз өз материалдарын қорғауға ықыласты бола қойған жоқ. Бір қоңырау арқылы-ақ бас партияның талабын бұлжытпай орындады.  

Алайда, Мақсат Ілиясұлы көтерген мәселе өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Партия басшылығы «Нұр Отанға» жақтас блогерлер аудиториясының санын  қалай анықтады екен?

Facebook-те белгілі авторлар: Алишер ЕЛИКБАЕВ, Джохар УТЕБЕКОВ, Баян ЕСЕНТАЕВА, Нұртас АДАМБАЙДА бірнеше он мыңдаған жазылушылар  бар. Жарайды, бұл санға олардың барлық жанкүйерлерін қосқанның өзінде оқырмандары екі жүз мыңнан аса қоймайды.

Демек, билік партиясы армандаған 6 миллиондық аудиторияға шығу үшін, «Нұр Отанның» астауынан дәм тататын жұлдызды командада кем дегенде отыз блогер болуы керек.

Әрине, эстрада жұлдыздары салтанат құрған Instаgram желісі де бар. Ол жерде шоу-бизнес өкілдерінің жүз мыңдаған оқырмандары бары белгілі.

Егер де он бес Қайрат НҰРТАС болса, аңсарлы алты миллиондық аудиторияның оп-оңай игеруге болар еді. Алайда, «Нұр Отан» Instаgramда жұлдыздармен қалай жұмыс жасайтындарын нақтылап айтпайды.

Айтпақшы, ең танымал деген сайттарда әлеуметтік желілерде алты миллиондық аудитория жинап үлгермеген.

Қазақстанда кең таралған  nur.kz-тің өзінде бір миллионға жетпейтін аудитория бар. М.  Құл-Мұхаммед тізіп шыққан Twitter, Instagram, Facebook-гі оқырмандарын қоссаңыз да бары осы.

Читайте также
Латынға өтудің шығыны қанша?

Партияның дәстүрі бойынша Құл-Мұхаммед «Нұр Отанның» парақшасына жазылғандардың нақты санын айтқан жоқ. Әдеттегідей оқырмандар саны пәлен есеге өсті дегеннен аспады. Шамамен өндірістегі өсім туралы министрлер де осылай есеп беріп жатады. 

Сондықтан да барлығы алты миллиондық аудиторияға жармасып еді, бұл мәселені тәпсірлеп түсіндірушілер көбейді. Баспасөз қызметі материалды алып тастаңыздаршы деп әркімге бір  өтініш айтып, әуре-сарсаңға түсті.  

Партияның ғаламтордағы жетістігіне қызғанғанымызды несіне жасырайық. Журналистер интернетте оқырман қатарын молайтам деп қаншама уақыттарын жоғалтады. Айтпақшы, оның қаржылық тұрғыда шығыны да аз емес.

Ал сізбен біз күтпеген жерден бір блогерлер партияға алты миллиондық аудиторияны тарту ете салғанына куә боламыз.  

Мұхтар Абрарұлы мемлекет басшысына мәлімдеген бұндай ресурспен партия өз шығынын өзі көтереді ғой. Жарнама агенттіктері күн мен түнге қарамай сіздің қабылдауда кезекте тұрулары керек қой. Өйткені, сіздің алдыңызда 10,2 миллион пайдаланушысы бар Майл.ру әлеуметтік желісі ғана бар. ВКонтакте, Одноклассники, Facebook, Twitter пайдаланушылары сіздің блогерлеріңіздің аудиториясымен теңесе де алмайды.

Читайте также
Орыс көрерменге ашаршылық тақырыбын ашқан қазақ

Блогерлеріңіздің тізімін жариялаңызшы!  

Халық білсін, Қазақстанда әлеуметтік желіні аузына қаратқан блогерлерді.

Бұндай блогерлер тұрғанда Мұхтар ӘБЛЯЗОВТІ ғаламтордан жоқ қып жіберу түк емес. Аттасыңыз тікелей байланысқа шығамын дегенде интернетті бұғаулаудың қажеті де жоқ болады.

Загрузка...
Саян 2017-11-08 16:23:04
-3
Бұл соц сетьтерде талқыланып еді ғой жақында. Сол жерде нақты түсініктеме де берілді. Орыс тіліне дұрыс аудармаған ғой аудармашылар. Содан кетіп тұр. А так бұл партия алыс ауылдағы ағайынның да өтінішін жерде қалдырмай жұмыс істеп отыр ғо қазір.
Академик
- Қазақтың тойы бес сағат болады. Оны қысқарту керек. Көп дегенде жарты сағат болсын, мүмкін қырық минут, жарайды, елу минут болсын. Одан аспасын. Сол жетеді.
«Дачалық» ұлт
Қазақстандағы ішкі көші-қон қазақты саяжайларға сыйыстырып жатыр
Құл-Мұхаммедтің миллиондары
«Нұр Отан» партиясына жақтас қанша блогер бар?
Төңкерістің басы бар да, аяғы жоқ
Революция заманның өзгергеніне қарамастан үнемі қайталанып тұратын құбылыс
Как правильно уничтожить рыночную экономику
- Чтобы уничтожить экономику - достаточно вынести неправосудное решение суда и формально ликвидировать работоспособных предприятий, и без террористов разрушат до основания.
Ашаршылық. Искусство забвения
- Гульнар, меня не отпускает Ваш рассказ. Впервые признание о людоедстве ( страшно писать это слово, но другим его не заменишь). В нашей семье тоже есть такой рассказ, менее трагичен, но связан именно с этим ужасом. Пару лет назад я его тоже описала на странице одного издания, должна была это сделать. Много свидетельств ушло безвозвратно, жертвам нелегки эти признания. Да и не поощрялось. Думаю, и вам непросто было найти слова. Вы молодец.
Государство не смогло забрать у сестры Бергея Рыскалиева гостиницу
- Говорят Кина нет!Чем не кино?Братьев награждали орденами.Управляли они областью с нефтеперерабатывающим заводом, а дорог асфальтированных в той стороне вообще нет,только в городе. Прикрол,что еще один олигарх сидит пьет свое иссыкское вино. деньги получил на строительство дороги,аони закончились еще на стадии покрытия.Как считали,как он выиграл тендер? Зато сми должны уплатить 55 млн за моральный и за какой-то материальный ущерб. Многосерийное кино
Рузский мир
- Учитель - это призвание! Нужно уже сегодня начать делать жесткий отбор и в эту профессию принимать только по таким параметрам, как любовь к детям, к преподаванию, умение отдавать.а не только впитывать материал. В институтах на комиссии должны быть и психологи, которые будут выявлять будущих настоящих учителей. И это не только языковедов касается. А всех учителей. А то зачастую в профессию идут от безысходности и желания иметь просто всегда кусок хлеба. А страдают потом дети
Что лежит под клавиатурой?
- Аффтар написал страшилку. В Юникоде есть и латинские буквы, есть и апострофы. Лучше бы Аффтар написал, что в ИМЕНАХ САЙТОВ и в адресах ЕМАЙЛ нет, не было и не будет апострофов в качестве допустимых символов. Для особо умных абисняю - не будет сайтов типа qo'qsag'yz.kz, придется писать по старинке - koksagyz.kz. Не будет емайлов типа s'as'y'@mail.ru, придется писать shashu@mail.ru. Ну и смысл тогда в нововведении?
Приятного просмотрика, Бауке!
- Уважаемая, Салима! Люблю читать Ваши стати, да вообще Ратель это единственное читабельное издание в стране к сожалению или к ... ?