Қаз   Рус

Нұрлан Оразалин орнынан кетеді

1615 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 12 Фев 2018, 15:15

Алматыда Жазушылар Одағының кезекті VI Пленумы өтіп жатыр

Қазақстан Жазушылар одағының ширек ғасырға жуық басқарып келген Нұрлан ОРАЗАЛИН  ХV-құрылтайда сайлауға түспейтінін мәлімдеді. 70-тен асқан қаламгер бұл шығармашылық ұйымды 1996 жылдан бері басқарып келеді. Нұрлан Мырқасымұлы Жазушылар одағының тарихында ең ұзақ төраға болған ақын.

Ақын Төреғали ТӘШЕНОВ Facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына кезекті пленумда Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ есептік баяндама жасағанын жазады. Баяндама ұйымның осы уақытқа дейін жасаған жұмысына арналыпты. 

- Одақты 22 жыл басқарып келе жатқан төраға Нұрлан Оразалин 1996 жылы Қадыр МЫРЗА-ӘЛІ, Кəкімбек САЛЫҚОВ, Сəкен ЖҮНІСОВПЕН бірге баламалы негізде сайлауға түсіп, жеңіп шыққанын, осылайша 4 Құрылтайда Төраға болып сайланғанын айта келе, алдағы 5-Құрылтайда сайлауға түспейтінін, басшылықтан кететінін ашық мəлімдеді. Ақын Маралтай академик Серік ҚИРАБАЕВТЫҢ Пленумға қатысушыларға арнаған хатын оқып бермек болғанда, Дулат ИСАБЕКОВ жоқ адамның хатын оқып керегі не деген қарсылығын білдірді. Соған қарамастан хат оқылды. Сонымен жарыссөз басталды.Сəбит ДОСАНОВ Қазақстан Жазушылар одағының алдағы 15-Құрылтайына дайындық мəселесін қозғап, Құрылтайдың өтетін күні 15- мамыр болып белгіленсін деген ұсынысын айтты. Қабдеш Жұмаділов даулы мəселелер жөнінде біраз көсіліп, ЖО басшылығына ащы сын айтты. Құрылтай 24-ақпанда өтсін, оны өткізуге комиссия құрылсын деген ұсыныс білдірді. Пленум жалғасуда, - деп жазды Төреғали Тәшенов.

Жарыссөзге шыққан ақын-жазушылар өз ойларымен бөлісті.

Жазушы Марал ЫСҚАҚБАЙ асығыстыққа салынбайық, Құрылтай мамыр айында өтсін деп, төрағаға рахмет айтты.Төлен ƏБДІК ЖО-ның беделін қалай күшейтеміз, жұмыс стилін қалай өзгертеміз, Одақтың жұмысы ашық болу керек, Құрметті төраға дегенді қою керек, Құрылтай мерзімі 26-ақпан болсын деген ойларын ортаға салды.

Дулат ИСАБЕКОВ  22 жыл бойғы қаржылық есеп-қисап берілмеді, алда да берілмейтіні анық деп, өкпе-ренішін айтумен қоса ЖО-ның аппараты түгел жұмыстан босауы керек, алдағы Құрылтайды жаңадан құрылатын Комиссия өткізуі керек, мерзімі наурыз айы болып белгіленсін деген ұсыныс білдірді.

Жаңаөзен, Жер сатылуға қатысты мəселелерде ЖО бұғып отырды, ешқандай реакция білдірмеді, беделден жұрдай болды, тездетіп Құрылтайды ақпанның 24-де өткізу керек деп шамырқанды Темірхан МЕДЕТБЕК.

Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ болса Жазушылар одағына тікелей қатысты емес, қоғамға қатысты бұрын да айтып жүрген ойларын айтты. Үш тіл дегенді қою керек деді. Тақырыптан сəл ауытқыды.

Иран-Ғайып "академик Серік Қирабаев авторитет емес, кезінде Қасым секілді талай таланттарды тұқыртқан адам" деді. ЖО-ға еш өкпем жоқ деп, құрдасы Төрағаға ризалығын білдірді. Жаңа Ит жылы туралы өлеңін оқыды.

Смағұл ЕЛУБАЙ  Қазақфильм ғимаратынан айырыламыз ба деген қауіп бар, осы қауіп ЖО ғимаратына да төнетіні анық, сондықтан ЖО ғимараты жазушыларға мəңгілік берілетіндей билікке талап қою керек. Ал Құрылтай 12-сəуірде өтсін деген ұсыныс айтты.

90-ға келген Мыңбай РӘШ ескі өмірден естелік айтып кетті. Өлең шумағын оқыды. Жұрт сөз қылған Серік Қирабаевты жақтап сөйледі. Отырғандардың шыдамы таусылып, шулап, қарсылық білдірді.

Ratel.kz келтірген ақын-жазушылардың пікірі де жиынға қатысып отырған ақын Төреғали Тәшеновтың жеке парақшасынан алынды.

P.S. Бүгінгі пленум сағат 10.30 басталып, түс ауа сағат 15.00 кейін аяқталды. Құрылтай 12-наурызда өтетін болды.

Фото: Facebook.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)