Қаз   Рус

Қазақ тілі шетелде бағаланса, Қазақстанда тілдің мәртебесі өседі

4488 қаралды
0
Алия БОРАНБАЕВА
Среда, 25 Окт 2017, 10:00

Жапониялық профессор Сакай ХИРОКИ Абай тілін қалай меңгергені туралы

Читайте также
Нет на свете повести печальней, чем казах не любящий казахский

Жақында қазақ тілін өз бетімен үйренген жапониялық профессор Сакай Хироки туралы естідім. Ойлап қалмаңыздар, ол  кісі қазақ қызына үйленген жоқ және қазақтармен еш туыстығы жоқ. Бірақ, «неге?» және «не  үшін?» деген заңды сұрақтарға  профессор ағылшын немесе орыс тілінде емес, қазақша жауап беруді жөн көрді. «Біз Абай тілінде сөйлесеміз», деді Хироки-сан.

Қазақ тілі Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны біріктіріп отыр

- Сіз қандай іспен айналысасыз? Қандай пәннен сабақ бересіз?

- Мамандығым - түркі халықтарының батырлар жыры. Қазір Токиодағы WАКО университетінде профессор ретінде Орталық Азия тарихы және мәдениеті бойынша дәріс беремін.

- Қазақ тілін үйренуге не түрткі  болды? Неге мұндай шешімге келдіңіз? Қашаннан бері қазақ тілін үйреніп жүрсіз?

- Қазақ тілі Еуразия аймағында көп халыққа ортақ тіл. Шығыс және Батысты,  Еуропа және Азияны біріктіретін тіл. Мен қазақ тілін студент кезімде, осыдан 30 жыл бұрын үйрене бастадым.

- Қазақ тілін қалай меңгердіңіз?

- Ол уақытта Жапонияда қазақ тілін оқытатын институт не болмаса университет  жоқ еді. Сондықтан мен тілді өз бетімше үйренуге мәжбүр болдым. Қазақстаннан оқулықтар, кітап сатып алып, қазақша біртіндеп үйрене бастадым. Кейін Қазақстанға келдім, қазақша сөйлеп үйрену үшін, мен тілді әлі де үйреніп жүрмін.

- Қазақ тілі арқылы өзіңіз үшін не жаңалық аштыңыз?

Читайте также
Қазақша сөйле!

- Қазақ ауыз әдебиеті өте бай және терең екен. Қазақ тілінің байлығына қайран  қалдым. Батырлар жырлары көңілімнен ерекше шықты.

Қазақ және жапон тілі өте ұқсас

- Өз қазақ тілін білмейтін қазақтар туралы не ойлайсыз? Оларға қандай көмек көрсетуге болады?

- Ана тілін білмеу өкінішті жағдай деп ойлаймын. Тек мектепте, университетте тағы басқа оқу орындарында ғана емес, кез-келген жерде ана тілін үйренем деген адамға қолдау көрсету керек деген ойдамын. Солай емес пе?

- Қазақ тілін үйренгенде қандай қиындықтар туындады? Қазақ тілі мен жапон тілінің айырмашылығы неде?     

- Екі тілдің грамматикасы өте ұқсас, жақын, бірақ жапондықтар үшін қазақша сөйлеу өте қиын. Бірақ екі тіл өте ұқсас, олардың арасындағы ұқсастықты іздеп табу  өте қызықты.

- Сіз қазақ тілінің латын қарпіне көшуге қалай қарайсыз? Бұл дұрыс шешім бе әлде кириллицада қала беру керек пе еді?

- Негізінде қазақ тілін латиницаға көшіруге қарсы емеспін. Алайда кириллицада жазылған керемет қазақша кітаптар өте көп. Кириллицадан латиницаға көшкенде келесі ұрпақ осы тамаша дүниелерге қол жеткізе алмай қалады. Бұл күрделі мәселе.

Менің ойымша, латын қарпіне көшкенде, қазір ұсынылған нұсқа бойынша емес: мәселен, ae (ә), oe (ө), ue (ү) дыбыстарын ä, ö, ü деп  ауыстырған жөн секілді. Өйткені, бұл жазуға, түсінуге, дыбыстарды жеткізуге оңай.

Читайте также
Канат Тасибеков: Не министру образования решать, каким будет следующее поколение казахстанцев

- Қазақ тілін елде дамыту үшін қандай ұсыныстар айтатын едіңіз?

- Біріншіден, қазақшаны үйрету мектеп қабырғасында, отбасында басым болу керек. Екіншіден, қазақ тілі ерекшелігімен кеңінен таныстыру қажет.

Ауыз әдебиеті осы тұста үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Үшіншіден, шет елдерде қазақша үйренгісі келген адамдар санының көбейгені оң әсерін тигізеді.

Егер шетелде қазақ тілі жоғары бағаланып жатса, Қазақстанда да тілдің мәртебесі өсетіні сөзсіз.

Орысша нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.