Қаз   Рус

Лондонда Қазақстан туын Тибеттікімен шатастырды

3078 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Пятница, 02 Фев 2018, 09:00

Ұлыбритания азаматтары еліміздің жалауын экзотикалық мемлекеттердікі екен деп қалды

Танымал шетелдік Danny D блогері Қазақстан жайлы шетелдіктер қаншалықты хабардар екенін білу үшін Англия еліне келіп, Лондон көшелеріндегі жұртқа көк туымызды көрсетті. Бұл туралы видеожазба Instagram желісіндегі kaztwitter парақшасында жарияланды.   

Екі адам білмеймін деп жауап қатса, келесі бір жас жігіт байрағымызды Сингапур немесе Қытайдікі шығар деп жауап берген. Ең қызығы, сауалнамаға қатысқан әскери киімдегі жігіттер туды көріп, оны Біріккен Ұлттар Ұйымына жатқызды. Алайда, бірнеше секундтан кейін ойынан айныған олар БҰҰ орнына Тибет елін айтты.

Әлемге танымал боламыз деп жар салып, халықаралық деңгейдегі саяси әрі мәдени шараларға белсенді түрде қатысып жүрген еліміздің бас рәмізін ағылшындар неге білмейді? 

Ел тағдырына немқұрайлы қарамайтындардың қатарында жүрген ұлт жанашыры Талғат ЖАНЫСБАЙДЫҢ ойынша, шетелдіктердің бұндай білімсіздік көріністеріне ренжудің қажеті жоқ.

«Елімізде көптеген нәрселер істелініп жатыр. Көк туды көтреген Головкин кәсіпқой бокстың жұлдызына айналса, өз жерімізде ЭКСПО, Универсиада секілді шаралар өтті. Алайда, шетелдіктер бәрібір рәміздерімізді танымайды. Неге десеңіз, мәселе олардың білім беру жүйесінде. Мысалға, бізде кез келген экономист немесе заңгер жоғары оқу орнына түскендегі бірінші оқу жылында міндетті түрде жалпылама пәндер бойынша білім алады. Ал Еуропада әр мамандық иесі тек өз саласы бойынша ғана оқиды, сонымен қатар оларда география пәні ешқашан түпкілікті оқытылмайды», - дейді Талғат Жанысбай.

Бұдан бөлек, оның сөзінше, бұндай білім саласындағы ой өрісінің кемдігі тек шетел жастарына тән нәрсе емес.

«Біздің де жастар әлемдік география түгіл, жаһан жаңалықтарынан хабардар болып жатпайды. Неге десек, бұл цифрландыру деген өрістің теріс жағы. Жұртшылық қолда бар ақпарат көздерін тек жеңіл-жерпі мақсатта пайдаланады: Instagram, WhatsApp, одан кетсе шоу-бизнес жұлдыздардың өмірі туралы жаңалықтарға ғана қызығады. Одан бөлек, жастар кітап оқымайды. Бірақ салыстырмалы түрде, әрине, шетелдіктерге қарағанда біздің білімі бар жастар Африка мен Аустралияны әлем картасында оңай тауып бере алады», - деп сөзін тәмамдады Талғат Жанысбай.

Фото: youtube.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера