Қаржылық институт банктің жарғылық капиталы 60 млрд теңгеге көбейгенін хабарлады
«Bank RBK» АҚ-ның баспасөз қызметі банктің жарғылық капиталы 60 млрд теңгеге көбейгенін хабарлады. Қайта қаржыландыру жүйесі банктің қарапайым акциясын қосымша эмиссиялар арқылы жүргізілді. Бұл акциялардың жалпы саны 600 млн дана.
«Банктің осы акция пакетін «КСС Финанс» ЖШС («Қазақмыс Холдинг» ЖШС-нің президенті Владимир КИМГЕ тиесілі құрылым) сатып алды. Екі жақты келісім барысында «КСС Финанс» банктің 99,01 пайыздық акция үлесін иемденді» – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
«Bank RBK» АҚ, Үкімет, Ұлттық Банк және «Қазақмыс» компаниясының өзара келісімі аясында Жарғылық капитал инвестор арқылы ұлғайды.
Бұдан өзге «Bank RBK» Ұлттық Банктен бірінші транш ретінде 120 млрд теңге алғанын айтады.
«Келісімшартта көрсетілгендей, 2018 жылғы 19 қаңтарға дейін жаңа акционер банктің капиталына 100 миллиард теңге салып, қайта қаржыландыру қорын жалпы сомасы 160 млрд теңге көлеміне дейін арттырады. Ұлттық банктен бастапқы транш ретінде түскен қаржы мен қайта қаржыландыру жүйесінің нәтижесінде банктің өтімділік жағдайы тұтастай реттелді», – деп мәлімдеді «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Пол ТОРСТЕН.
Фото:finbiz.kz