Қаз   Рус

«Қалаулымда» бәрі жалған!

6013 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Воскресенье, 07 Янв 2018, 14:00

Атышулы бағдарлама қатысушысының бірі танымал блогер Адина Талдыбаева бар шындықты жайып салды

«Еуразия» арнасында шыққалы сынның астында қалған «Қалаулым» бағдарламасының дауы бітер емес. Тіпті бағдарламаны жауып тастау керек деген пікірлер де айтылғаны белгілі. Мұндай әңгімелердің пайда болуы негізсіз емес секілді. «Қалаулымның» жүргізушісі Аша МАТАЙ бағдарламада барлығы шынайы деп әр эфир сайын айтады. Алайда, мұнысы шындыққа жанаспайтын болып шықты.

Оған Instagram желісінде танымал блогер қыздардың бірі, «Қалаулымға» қатысып үлгерген Адина ТАЛДЫБАЕВАНЫҢ сөзі дәлел.

«Мен өткен жылдың қазан айында бағдарламаға қатыса бастадым. Маған мектеп кезінен білетін Әлібек деген жігіт жазып жүрді. Бір кезде оның әлеуметтік желідегі парақшасына кірсем, у-шу болып ұрысып жатқан бір бағдарламаны көрдім. Одан «Мынау не қылған Санта-Барбара?», деп сұрадым. Сонда мен алғаш «Қалаулым» туралы естідім. Ол маған шоудың рейтингісі өте жоғары деп, қатысушы болуға ұсынды. Мен басында келіспедім.

Бірнеше уақыт өткен соң, баруға бел будым. Instagram парақшамда 150 мыңнан астам оқырманым бар, енді неге бағдарламаға қатысып, аудиторияны көбейтпеске деп ойладым», - деп бастады ол әңгімесін.

Бағдарламаға келгенде, Адина алдында қандай қызықтар күтіп тұрғанын білмеген.

«Әлібек маған телефон шалып, ертең түсірілімге барғанда, мені білмеймін деп айтшы, сюрприз болсын, - деді. Бірақ бүкіл бағдарламаның өтірік әрі алдын ала жазылған сценариймен істелетіні туралы ештеңе айтпаған.

Онымен қоса, бәрі шынайы көрінгендей болды. Бірінші барғанда, мен редакторларға Әлібекпен келіскендей оны білмейтіндей болдым. Олар, өз кезегінде, маған Адина емес, Мадина боласын деді. Неге десем, редакторлар осылай Әлібекке сюрприз жасағысы келген екен. Бірінші шығарылымнан кейін біз романтикалық ас ішуге аттанғандай болдық. Екінші кездесуде біздің кешіміз қалай өткені туралы сұрады.

«Сен енді түсінген шығарсың, бағдарламаның қандай екенін. Ең бастысы – ешкімге ым деме, ештеңе айтпа. Осылай екеуіміз бірге жүріп жүрген жұп ретінде қала берейік», - деп Әлібек сонда жағдайды мойындады.

Содан кейін біз шын өмірде жұп сияқты жүріп жүрдік. Ал шынайы келгенде, екеуіміз арасында бір кездесіп, суретке бақытты Жібек пен Төлеген секілді бірге түсіп қоя беретінбіз. Ал көрермендер бұған сенетін».

Сонымен қатар, Адинаның сөзіңше, қатысушыларға түсірілімге күніне 5000 теңге, ал залдағы көрермендерге 2000 теңге төленетінін айтты.

«Менің «Қалаулымнан» кету себебіме келетін болсақ, біраз уақыт өткен соң Әлібек мені шамадан тыс тергеп, бақылай бастады. Кіммен, қайда жүргенімді үнемі сұрап, қызғана бастады. Мен ондайға шыдамадым. Өйткені, ол маған ешкім емес. Біз алдын ала тек телевизиялық жұп болып келіскеніміздей шынайы келгенде екеуіміздің арамызда тек жұмыс бабындағы қатынастар ғана болуы тиіс еді. Алайда, ол асыра сілтеушілік жасағаннан, мен қысымды сезініп, оған бұдан былай «аңызды» сақтап, бағдарламаға қатыспаймын дедім.

Ол маған соңғы шығарылымға қатысуымды сұрады. «Бәрі жақсы болады, уайымдама», деп айтқан соң, бардым.

Бірақ, түсірілім масқараға айналды. Әлібек рейтинг үшін бәріне бара алатынымен қоймай, өзінің қандай жігіт екенін көрсетті. Неге десеңіз, түсірілім кезінде нағыз әртістігін көрсетіп, мені бәріне кінәлі етті. Өзін бақытсыз құрбан ретінде бүкіл жұртшылыққа көрсетті.

Ал көрермен бағдарламада болып жатқан ішкі тартыстарды білмей, экранда көрген нәрсеге сеніп, мені кінәлі қылды. Мен енді өзімше болып қалған, Әлібек секілді «керемет, жүрегі ашық» жігітті менсінбейтін өркөкірек қыз болып қалдым», - дейді Адина.

Оқи отырыңыз
Баян: Менің күйеуіме подиумға шығу керек!

Одан бөлек, бағдарлама қызметкерлері қатысушылардың әлеуметтік желілердегі жазбаларына да өздерінің бақылауын орнатады екен.

«Ал енді біздің әлеуметтік желілердегі постарымызды қадағаланы туралы айтатын болсам, бағдарлама авторлары Әлібек арқылы менімен хабарласатын. Ол маған кейбір «бағдарламаның идеясына бұрыстау келетін» жазбаларымды жоюды сұрайтын. Олар рейтинг үшін барлығына дайын екенін көсретті», - деп тәмамдады сөзін Адина Талдыбаева.

Айта кетейік, жақында «Қалаулымның» тағы бір бұрынғы қатысушысы Айгерім НҮРКЕЕВА бағдарламаны сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып жариялады.

Оның айтуынша, «Қалаулымдағы» қатысушыларға қатысқандары үшін ақша төленіп қана қоймай, бағдарламадағы жұптарға, олардың серуендеріне, киімдеріне де ақша төленіп, барлығы алдын-ала ұйымдастырылады екен.

Осыған қарағанда, бұл «Қалаулымнан» шыққан соңғы дауы емес секілді.

Загрузка...
Әдебиеттанушы
– Қазақстандағы ең қымбат концерт - сайлау! Сахнаға шықпайтын әртістер - мұғалімдер!
Миллиардтар ойыны
Үкімет Ораз Жандосовты неге сотқа бермеді
Шүкеев жүрген жерде шөп шыға ма?
Қазақстанның кредитті рейтингі неге төменгі сатыда тұр
Евгений Жовтис: Әкем Мағжан үшін қуғындалды
Белгілі құқық қорғаушының әкесі Александр Жовтис және Мағжан Жұмабаев, сондай-ақ, Алаш төңірігенде берген сұхбаты
Қоғам ұстаздарды құлақкесті құл етті
Тарихтан оқымай барсаң Төлепбала апайдың таяқшасы шып ете қалатын
Болашағымыздың көрін өз қолымызбен қазып жатырмыз
Бізде шенеуніктер халыққа қарсы жұмыс жасайды
Төңкерістің басы бар да, аяғы жоқ
Революция заманның өзгергеніне қарамастан үнемі қайталанып тұратын құбылыс
Принуждение к морали
- Я 12:45:04 Прошу Вас, сфокусируйтесь, пожалуйста, на простейшей мысли: никого не волнует представление имярека о морали, поскольку оно [его представление] всегда субъективно и относительно. Именно для этого и существуют ЗАКОНЫ. И если имярек считает себя потерпевшим - пусть подаёт заявление в полицию и через суд доказывает свою правоту. А вот угрозы поджечь клуб, избить хозяев клуба или участников инцидента - уголовно наказуемы. Благодарю за общение. :)
Американский суд встал на сторону Храпунова
- Ха! Храпунов кристально чистый? Ха! Три раза ха! На одной из работ пересекался и с чиновниками и с их детьми. Фильм "Крестный отец" просто отдыхает. И если чиновники еще как-то скромничают, ибо кресло потерять могут, если сильно зарываться будут, то их детки вообще себя ничем не ограничивают.
Варежки
- :) Спасибо, Сапа! "тургеньские девушки байзаковского возраста" - это пять! :) Оставайтесь таким всегда, даже если слово "всегда" противоречит устройству этого мира
Герольд Бельгер: Кокжайлау хотят уничтожить
- ТЭТЯНА, Кокжайляу - это уникальное место, там растут эндемичные виды растений, Кокжайляу красив своей естественной красотой, там лучше ходить пешком и наслаждаться красотой, дышать свежим воздухом. А туристические объекты можно и в другом месте строить, например построить этноаул где-нить недалеко под Алматой, в степи, я лично давно мечтаю, попить настоящий кумыс, обучиться какому-нибудь народному ремеслу и т.п.
Smart-путешествия по-МИДовски
- Мой айтишник за подобное приложение запросил 500 долларов и неделю срока. Торг уместен. Приложение на уровне дипломной работы студента. Вообще траты в МИДе сумасшедшие. Довелось побывать в одном из посольств Казахстана и заценить их компьютерное оснащение. Аймаки и макбуки в топовой конфигурации. Чтобы почту проверить и документ в ворде набрать им нужны компы за 3 тысячи долларов каждый. Автомобильный парк тоже впечатлил
Ратель. Лучшее за 2017 год. Сергей Уткин
- Уткин - высококвалифицированный юрист, что редкость даже среди обладателей юр. дипломов. Таким не сделать карьеры в КЗ, только на вольных хлебах........
Сварщик для Сауата Мынбаева
- Они и есть настоящие хозяева страны и творят все, что хотят, ведь никто с них за это не спрашивает.Как можно спросить с хозяина?.Все остальные прислуга и лакеи, каждый на своем строго определенном месте, ну за небольшим исключением, имеющая только одно право и в то же время обязанность-молчать, но, они не возражают и вполне с этим согласны.Касаемо сварщика, его имя будет втоптано в историю.Уж позаботятся.